UFC дегі алғашқы қазақстандық қыз келесі қарсыласын білді

Басқа
UFC-дегі алғашқы қазақстандық қыз Мария Агапова (10-4) октагонға 7 қазанда оралады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Қазақстандық спортшы UFC Vegas 80 турнирі аясында америкалық Монтана Де Ла Розаға (12-8-1) қарсы шығады.
Айта кетейік, Агапова 2022 жылдың қыркүйегінде канадалық Джиллиан Робертсоннан (12-8) 2-раундта жеңіліп, сол кезден бастап жекпе-жекке шыққан жоқ.
Мария UFC-де өткізген 5 жекпе-жегінде 3 рет жеңіліп, 2 рет жеңген болатын.
Монтана Де Ла Роза соңғы жекпе-жегін ақпан айында өткізіп, жерлесі Татьяна Суареске есе жіберген еді.