«Бәрі онсыз да біледі»: «Алтын доп» кімге берілетіні айтылды

«Бәрі онсыз да біледі»: «Алтын доп» кімге берілетіні айтылды
Футбол

24 канал Спорт

«Астон Вилла» мен Аргентина құрамасының қақпашысы Эмилиано Мартинес «Алтын доп» кімге берілуі керектігін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Оның сөзінше, бұл сыйлық командалас әріптесі Лионель Месси алады.

«Алтын допты» кім алатынын бәрі онсыз да біледі. Ол досым Месси, - деді Мартинес BBC Sport-қа берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, Месси Аргентина құрамасымен бірге 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, мундиальдің үздік футболшысы атанды.

Биылғы жаздан бері Месси «Интер Майами» сапында ойнайды. АҚШ клубының сапында 11 матчта 11 гол соқты. «Алтын допты» марапаттау рәсімі 30 қазанда өтеді.