«Ұлы дала жорығы». Жетісу командасы алғаш рет жеңімпаз атанды

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің 12-кезеңі Қызылорданың шырайы шыңдарындай, тұнығы суларындай Жаңақорғанда аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz.
12 кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы алғаш рет жеңімпаз атанды.
Бұл жолы ақтөбелік шабандоздар мәре сызығын екінші болып аттаса, Түркістан облысының командасы үшінші болып жетті.
Нағыз жүзден жүйрік анықталатын аламан бәйгенің 1150 шақырымы артта қалды.
Сонымен қатар бұл кезеңде былтырғы чемпион әрі 11 кезең бойы көш алда келген – маңғыстаулық «Көкмойнақ», елорда шабандоздары мен Қарағанды облысының командасы аттарының болдыруына байланысты жорытуын тоқтатты.
Алда 2 кезең, яғни 150 шақырым қалды. 6 команда 18 қыркүйекте таңғы сағат 7:00-ден бастап алғашқы 50 шақырымды еңсеруге аттанады.
Түскі астан соң 9-кезеңнің кезекті 50 шақырымын бағындыруы тиіс. Сонымен командалар алдында 1250-інші шақырымды еңсеру міндеті тұр.
12-күннің қорытындысы бойынша командалардың жалпы уақыты:
Қостанай облысы, 82 сағат 59 минут 06 секунд
Ақтөбе облысы, 83 сағат 07 минут 07 секунд
Жетісу облысы, 83 сағат 34 минут 24 секунд
Алматы қаласы, 90 сағат 05 минут 19 секунд
Түркістан облысы, 91 сағат 31 минут 56 секунд
Абай облысы, 96 сағат 54 минут 24 секунд.