Қазақстандық UFC-мен келісімшартқа отырды

Қазақстандық UFC-мен келісімшартқа отырды
Жекпе-жек

Қазақстандық спортшы Зәкір Найманбаев UFC-мен келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Ассалаумағалейкум, қазақстандықтар! Жақсы жаңалықпен бөліскім келеді. UFC-мен, нақтырағы, Power Slap-пен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандықпын. Шапалақпен тартып жіберетін боламын. Өздеріңіз білетіндей, UFC президенті Дана Уайттың өзі менің парақшама жазылды. Алға, Қазақстан! - деп жазды Найманбаев.

Power Slap («шапалақпен ұру») — Дана Уайтқа тиесілі америкалық промоушен.