Неймар Сауд Арабиясында дебютін өткізді

Неймар Сауд Арабиясында дебютін өткізді
Футбол

Бразилиялық шабуылшы Неймар Сауд Арабиясының "Әл-Хиляль" сапында өзінің алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Неймардың дебюті Сауд Арабиясы чемпионатының 6-турында "Әл-Риядқа" қарсы өтті. 

Бразилиялық алаңға 64-минутта шығып, жанкүйерлерін бірнеше керемет пасымен қуантса, 83-минутта нәтижелі пас берді. Нәтижесінде “Әл-Хиляль” “Әл-Риядты” 6:1 есебімен жеңді.

Жеңімпаздар сапынан гол соқққандар: Александр Митрович (30 минут, пенальти), Яссер Әл-Шахрани (45+4), Салим әл-Давсари (68-ші, 86-шы, пенальти және 90+5) және Малком (83-ші).

Алты матчтан кейін "Әл-Хиляль" Сауд Арабиясы чемпионатының турнирлік кестесінде бірінші орында, еншісінде 16 ұпай бар.