Футзал: Қазақстан элиталық раундты сәтті бастады

Футзал
Қазақстан құрамасы футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты элиталық іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын сәтті өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz.
А тобының элиталық раундының алғашқы ойынында Кака шәкірттері Нидерланд құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Алдымен, 3-минутта Альберт Ақбалықовтың пасын Эдсон керегіне жарата білді. Екінші кезеңде Дәурен Тұрсағұлов 27-минутта есепті ұлғайта түсті.
Сондай-ақ 15 қыркүйекте Румыния өз алаңында Әзербайжаннан 3:1 есебімен басым түсті.
Жалпы, Қазақстанның қарсыластары арасында Нидерланд, Румыния, Әзербайжан бар.
Жерлестеріміз 20 қыркүйекте өз алаңында Румынияны қабылдаса, 6 қазанда сырт алаңда Әзербайжанмен кездеседі.