Ойыншысы қуылды: «Ақсу» өз алаңында ұтылып қалды
Футбол
«Ақсу» клубы
Футболдан Қазақстан чемпионатының 22-турында Павлодардың «Ақсу» клубы Көкшетаудың «Оқжетпесінен» ұтылып қалды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Кездесу Павлодарда өтіп, қонақтар пайдасына шешілді – 0:1. Матчтың шешуші голын 34-минутта Сағи Совет соқты. Бұл ойындаи алаң иелері 4-минуттан бастап он футболшымен ойнады, себебі Срджан Димитровқа қарсы өрескел тәртіп бұзған Анатолий Красотин алаңнан қуылған болатын.
Бастапқыда төреші оған сары қағаз көрсеткен, дегенмен видеоны қараған соң шешім өзгертіп, қызыл қағаз көрсетті.
23 қыркүйекте өтетін келесі турда «Ақсу» сырт алаңда «Мақтааралмен» кездессе, келесі күні «Оқжетпес» өз алаңында «Атырауды» қабылдайды.