Азия кубогы: Өзбекстан құрамасы финалға жолдама алды

Азия кубогы: Өзбекстан құрамасы финалға жолдама алды
Футбол

nova24.uz

Футболдан Өзбекстанның (U-23) Олимпиада құрамасы Азия кубогының финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Өзбек футболшылары жартылай финалда Иран командасын 2:0 есебімен ұтты. Матч Ташкенттегі «ЖАР» спорт кешенінде өтті.

Азия кубогы үшін турнирде Өзбекстанның 23 жасқа дейінгі ұлттық құрамасы барлық қарсыластарын жеңіп, іріктеу кезеңін 100 пайыздық нәтижемен аяқтады.

Осылайша, Өзбекстанның Олимпиада құрамасы келесі жылы Катарда өтетін 23 жасқа дейінгі Азия кубогының финалдық кезеңіне қатысады.

Катарда өтетін құрлық біріншілігінде 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама сарапқа салынады.