Юлия Путинцева Осака турнирінде жұптық сында да ширек финалға өтті
Tengrinews.kz
Қазақстандық Юлия Путинцева Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінде жұптық сында ширек финалға өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Қазақстандық теннисші ресейлік Анна Калинскаямен бірге бастапқы кездесуін жапониялықтар Юки Наито - Моюка Учижимамен сәтті өткізді. Бірінші партияда жапониялық жұп 6:2 есебімен басым түсті.
Екіншісінде Путинцева мен Калинская есе қайырды - 6:3. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 12:10. Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қазақстандық-ресейлік дуэт 1 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді.
Жапониялықтар 2 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша Юлия Путинцева бір күнде екі бәсеке өткізіп, жұптық сында да ширек финалға шықты.