«Мен ұлы емеспін»: Головкиннің видеосы желіде талқыланып жатыр

«Мен ұлы емеспін»: Головкиннің видеосы желіде талқыланып жатыр
Бокс

GGG

Қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин өзінің ұлылығына қатысты жауап берді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Астанада өткен Қазақстан мен Солтүстік Ирландия арасындағы футбол матчынан соң Головкиннің жанкүйерімен әңгімелесіп тұрғаны сәті видеоға түсіп қалған.

«Сен ұлысың!» - деді Геннадийге ер адам.
«Рахмет, бірақ мен ұлы емеспін», - деп жауап қатты GGG.
«Жекпе-жегің осында өткенін қалаймын, көрермен сенің айқасыңды көргенін қалаймын», - дегенді қосты ол.