Кака Нидерланд пен Румыниямен ойынға қатысатын футзалшылардың тізімін жариялады

Қазақстан футзал құрамасының Нидерланд және Румыниямен кездесуге қатысатын ойыншылары анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Кездесулер Алматы мен Нидерланд елінің Алмере қаласында өтеді. Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Нидерланд пен Румынияға қарсы өтетін ойындарға шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады. Тізімге 16 ойыншы енді.
Футзалдан Қазақстан құрамасының құрамы:
Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де – «Қайрат»), Нұралем Байдулла («Атырау»);
Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Эдсон, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Жахангир Рашит (барлығы – «Қайрат»), Тайнан («Спортинг», Португалия), Азат Валиуллин, Расул Абдуманапұлы (екеуі де – «Аят»), Шыңғыс Есенаманов, Райымбек Жұма, Жомарт Тоқаев (барлығы – «Семей»), Арнольд Кнауб («Жетісу»).
Естеріңізге сала кетейік, 15-нен 16 қыркүйекке қараған түні футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Алмере қаласында Нидерланд құрамасымен сырт алаңда ойнаса, 20 қыркүйекте Алматының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Румынияны қабылдайды.