«Ювентус» сатылымға қойылды – БАҚ

«Ювентус» сатылымға қойылды – БАҚ
Футбол

©instagram.com/juventus/

Итальяндық «Ювентус» клубының иелері – Аньеллилер отбасы футбол клубын сату туралы шешім қабылдап, сатып алушыларды іздеуге кірісті. Бұл туралы il Giornale басылымы жазды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бүгінде «Ювентус» дағдарысты бастан өткеріп жатыр: бұрынғы президент (Андреа Аньелли – ред.) Нидерландқа көшіп кетті, ал клуб күйреу алдында тұр, - деп жазады басылым.

Кейбір басылымдар клубтың нарықтық құны 800 млн еуро екенін жазуда.

Ал «Ювентуске» иелік ететін Аньелли Еxor кәсіпкерлер отбасының холдингі футбол клубын сатылымға шығару ниеті туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Ювентусты» сатуға қатысты газет ұсынған гипотезалар негізсіз, - деді компания өкілі.