Максим Мусоров "Номад" клубына оралды

Максим Мусоров
Хоккей

Шайба.kz

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Мусоров бірнеше күн "Торпедо" сапында жаттығу жасап, дегенмен "Номад" клубына қайта оралды. Бұл туралы Шайба.kz сайтына сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.

Себебі ойыншыға құқық елорда клубына тиесілі. Өткен маусымда 22 жастағы Өскемен тумасы "Химик" сапында Петров кубогында топ жарған. Бүкілресейлік хоккей лигасында ол 36 матч өткізіп, 10 ұпай (6+4) жинады.

Сонымен қатар Максим Мусоров Қазақстан құрамасы сапында элиталық дивизионда ойнады. Ол 4 матчта көзге түскен жоқ.