«Барыс» клубының жаңа маусымдағы капитаны анықталды

«Барыс» клубының жаңа маусымдағы капитаны анықталды
Хоккей

“Барыс” ХК

«Барыста» 2023/24 маусымда капитандық қызметті Роман Старченко атқаратын болды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды. 

Ал Алекс Грант пен Әлихан Әсетов оның көмекшілері болады. 

Елорда клубы жаңа маусымды өз айдынындағы ойынмен бастайды. Андрей Скабелка шәкірттері «Салават Юлаевты» қабылдайды. 

Айта кетейік, «Барыс» маусым алдындағы Қазанда өткен матчта сәтсіз өнер көрсеткеннен соң Блинов кубогында жеңіске жетті. 

Омбыдағы жарыста Скабелка шәкірттері «Локомотив» (2:1), «Авангард» (4:3) және «Нефтехимик» (3:1) клубтарынан басым түсті. Сол кездесулердің бірінде Роман Старченко хет-трик авторы атанды.