Салахтың Сауд Арабиясы клубына ауысуына қатысты жаңа деректер пайда болды

Салахтың Сауд Арабиясы клубына ауысуына қатысты жаңа деректер пайда болды
Футбол

Footballhd.ru

«Ливерпуль» «Әл-Иттихадтың» Мохамед Салахтың трансфері бойынша 100 миллион еуро көлеміндегі алғашқы ұсынысын қабылдамады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Инсайдер Николо Скираның айтуынша, Сауд Арабиясы клубы енді жаңа ұсыныс дайындап жатқан көрінеді. Дегенмен ағылшын клубының бас жаттықтырушысы Юрген Клопп мысырлықты жібергісі жоқ.

«Әл-Иттихад» Салахқа 2026 жылға дейін бір маусымда 80 миллион еуро жалақы төлейтін келісімшарт ұсынуға дайын екендігі атап өтілді.

Егер клубтар келіссе, Салахтың «Әл-Иттихадқа» ауысуы Сауд Арабиясы чемпионатының тарихында рекордтық көрсеткіш болмақ.

31 жастағы Салах «Ливерпуль» сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетеді, ал оның «қызылдармен» қазіргі келісімшарты 2025 жылға дейін жарамды.