Италиялық футболшы карьерасын Чемпиондар лигасы дебютантының сапында жалғастырады
Футбол
©fc-union-berlin.de
Италиялық қорғаушы Леонардо Бонуччи еркін агент ретінде «Ювентустан» «Унион Берлин» клубына ауысты. Трансфер туралы неміс клубының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BasSport.kz.
36 жастағы Бонуччи тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен бір жылдық келісім жасады.
Мен үшін бұл ерекше сапар, себебі мансабымды тұңғыш рет шетелед өнер көрсетпекпін. Мансабымның жаңа кезеңін асыға күтіп жүрмін, - деді Бонуччи.
Бонуччи өз отанында «Милан», «Бари», «Пиза», «Тревизо», «Интер» клубтарында ойнады. Италия құрамасына 2010 жылдан бастап шақыртылып, оның құрамында Еуро-2020 турнирін ұтып алды.
Айта кетейік, «Унион Берлин» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде дебютін өткізеді, жеребе қорытындысы бойынша команда С тобына түсіп, онда «Наполи», «Реал» және «Брагамен» ойнайды.