Мбаппе ПСЖ-мен келісімшартын ұзартуға дайын

Мбаппе ПСЖ-мен келісімшартын ұзартуға дайын
Футбол

Франциялық форвард Килиан Мбаппе ПСЖ-мен келісімшартын ұзартуға дайын, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Бұл туралы журналист Марко Котерио өзінің Twitter парақшасында жазды. 

Дереккөз мәліметінше, шабуылшы клубпен 2026 жылға дейін келісімшарт жасасады. Оның ішінде 2024 жылы іске қосылатын өтемақы да болады. 

Шілде айында франциялық клуб басшылығы шабуылшыны Жапониядағы турнирге қатысатын құрамнан шеттеткен еді. Сонымен қатар, Мбаппе “Реал Мадридпен”, “Әл-Хилальмен” келісімшарт жасасады деген де ақпарат тараған.