Әлемдік рекорд жаңарды: клубтар жазғы трансферлік кезеңде қанша қаржы жұмсады

Әлемдік рекорд жаңарды: клубтар жазғы трансферлік кезеңде қанша қаржы жұмсады
Футбол

Getty Images

Әлемнің барлық футбол клубтары трансферлік кезеңде жұмсалған қаржы бойынша әлемдік рекордты жаңартуға үлес қосты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл туралы Transfermarkt интернет-порталы жазды. 

Биыл жазда клубтар ойыншыларды сатып алу үшін 7,63 млрд еуро жұмсап үлгерген. Жазғы трансферлік кезеңнің әлі аяқталмағанын есепке алғанда, бұл сома әлі де артуы мүмкін. 

Бұған дейін клубтар жаңа ойыншылар алу үшін көп қаржыны 2019 жылы жұмсаған - 7,568 млрд еуро. 

Трансферлерге жұмсалған қаржы бойынша әлем рекордының жаңаруына Сауд Арабиясы клубтары көп ықпал еткен. Саудиялық клубтар осы жазда 846 млн еуро жұмсап үлгерген. Сонымен қатар Ағылшын Премьер-лигасы командалары футболшыларды сатып алу үшін 2,43 млрд еуро жұмсаған. Бұл осыдан 4 жыл бұрынғы шығынмен салыстырғанда, 1 млрд еуроға көп.