Чемпиондар лигасы топтық кезеңіне жолдама алған командалар анықталды

Чемпиондар лигасы топтық кезеңіне жолдама алған командалар анықталды
Футбол

Getty Images

УЕФА Чемпиондар лигасының 2023/2024 жылдар маусымының топтық кезеңінде ойнайтын барлық командалар белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

ПСВ, «Копенгаген», «Антверпен», «Галатасарай», «Брага» мен «Янг Бойз» топтық кезеңге соңғы болып жолдама алған командалар атанды. 

УЕФА Чемпиондар лигасы топтық кезеңі қатысушыларының толық тізімі:

«Манчестер Сити», «Севилья», «Барселона», «Наполи», «Бавария», «ПСЖ», «Бенфика», «Фейеноорд», «Реал», «Манчестер Юнайтед», «Интер», «Боруссия» Дортмунд, «Атлетико», «РБ Лейпциг», «Порту», «Арсенал», «Шахтёр», «Зальцбург», «Милан», «Брага», «Лацио», «Црвена Звезда», ПСВ, «Копенгаген», «Реал Сосьедад», «Галатасарай», «Селтик», «Ньюкасл Юнайтед», «Унион» Берлин, «Ланс», «Янг Бойз», «Антверпен».

Турнирдің топтық кезеңі 19 қыркүйек күні басталып, 13 қарашаға дейін жалғасады. Ал бүгін Астана уақыты бойынша 22:00-де УЕФА Чемпиондар лигасы 2023/2024 жылдар маусымы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді.