Месси алғаш рет "Интер Майами" құрамында ұпай еншілей алмады

Месси алғаш рет
Футбол

Майамилік "Интер" MLS біріншілігі мачында "Нэвиллмен" тең түсті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Екі команда арасындағы матч 0:0 есебімен тең аяқталды. Осылайша, ионель Месси алғаш рет "Интер Майами" құрамындағы матчында ұпай еншілей алмады. Бұл оның майамилік команда құрамындағы оныншы ойыны еді. Бұған дейінгі 9 матчта аргентиналық футболшы 11 гол соғып, 3 нәтижелі паспен көзге түскен. 

Айта кетейік, 24 матчта 22 ұпай олжалаған "Интер Майами" өз конференциясында 14-орында тұр.