Хоккей: Қазақстан Кубогының финалистері белгілі болды

Хоккей: Қазақстан Кубогының финалистері белгілі болды
Хоккей

Хоккейден 2023 жылғы Қазақстан Кубогының финалистері белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Биылғы Кубок үшін таласта жартылай финалда “Торпедоны” жеңген өзбекстандық “Хумо” (2:1 Б) мен “Ақтөбеден” басым түскен көкшетаулық “Арлан” (6:1) өнер көрсетеді. 

Ал “Ақтөбе” болса, Қазақстан Кубогының қола жүлдесін жеңіп алды. Финалдық матч бүгін, 31 қазан күні Көкшетауда өтеді.