Жоғалып кеткен ресейлік мәнерлеп сырғанаушы табылды

Жоғалып кеткен ресейлік мәнерлеп сырғанаушы табылды
Қысқы спорт

yandex.ru

Жаттығудан шығып, үйіне қайта оралмаған ресейлік жас манерлеп сырғанаушы Алиан Горбачева аман-есен табылды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Бұл туралы Мәскеу прокуратурасы мәлімдеді. Мемлекеттік орган мәліметінше, 16 жастағы спортшы сауда орталықтарының біріндегі кинотеатрда жүрген жерінен табылған. Полиция қызметкерлері оны Мәскеудегі тергеу комитетіне апарған. Енді психолог пен заңды өкілдің қатысуымен Алина Горбачеваны тергеу процесі жүреді. 

Айта кетейік, Алина Горбачева кеше "Чткалов-Аренадағы" жаттығуынан шыққаннан кейін, үйіне оралмай, жоғалып кеткен еді.