«Оқжетпес» клубына бас бапкер тағайындалды

«Оқжетпес» клубына бас бапкер тағайындалды
Футбол

"Оqjetpes" FK

Көкшетаудың «Оқжетпесі» клубқа жаңа бас бапкер тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Андрей Ферапонтов «Оқжетпестің» бас бапкері болып тағайындалды. Бас бапкердің көмекшісі болып Богатырев Вячеслав Магомедович тағайындалды, - делінген «Оқжетпес» клубының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Бұған дейін клубты баптаған ресейлік маман Сергей Попков Волгоградтың «Ротор» клубына ауысты.

Айта кетейік, Ферапонтов мұның алдында команданың бапкерлер штабында болды. Сонымен қатар ол Атакенттің «Мақтаарал» клубында бас бапкер қызметін атқарған.