Ресеймен өтетін ойынға Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан кімдер қатысады

Ресеймен өтетін ойынға Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан кімдер қатысады
Футбол

Қазақстан футбол федерациясы

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Марат Еслямов Талғарда өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Оқу-жаттығу жиыны 4 қыркүйекте басталып, 12 қыркүйекке дейін жалғасады. Дайындық аясында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Ресей U-17 құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізеді. Тізімге 24 ойыншы енді.

Қақпашылар: Саятхан Құсайынов («Ақтөбе»), Александр Латычевский («Ақжайық»), Шерхан Қалмұрза («Қайрат»);

Қорғаушылар: Абзал Сағын («Астана»), Әмірбек Базарбек, Данияр Ташпулатов (екеуі де – «Қайрат»), Әлім Ахметов («Жетысу»), Ерасыл Темерші («Жас Қыран»), Дарын Оспан («Ақтөбе»), Адлан Нұрғалиев, Әнуар Абдашим («Оңтүстік»)

Жартылай қорғаушылар: Евгений Кузнецов, Аламгир Смақов, Кәрім Махаметжан, Мәнсүр Бірқұрманов (барлығы – «Қайрат»), Кирилл Овчинников («Жетісу»), Нұрдәулет Орынбасар («Тараз»), Захар Порох («Оңтүстік»), Арсений Блахин («Каспий»);

Шабуылшылар: Еркін Әлімжан («Екібастұз»), Бағдәулет Нұралы («Ордабасы»), Дастан Сәтбаев («Қайрат»), Нұрасыл Әбілқайыров («Каспий»), Глеб Макридов («Шахтер»);

Бапкерлер штабы: Марат Еслямов – аға бапкер, Қайрат Белгібаев – дене даярлығы жаттықтырушы, Павел Жуков – қақпашылардың жаттықтырушысы, Азамат Серікбаев – бейнесарапшы.

Ойын күнтізбесі:

8 қыркүйек

Қазақстан U-17 – Ресей U-17 – 17:00

11 қыркүйек

Қазақстан U-17 – Ресей U-17 – 11:00