Мохамед Салах трансфері Сауд Арабиясында рекорд жасауы мүмкін

Мохамед Салах трансфері Сауд Арабиясында рекорд жасауы мүмкін
Футбол

"Әл-Иттихад" Мохамед Салахты қатарына қосу үшін Сауд Арабиясы лигасы үшін рекордтық соманы беруге әзір отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

CBS Sports ақпаратынша, "Әл-Иттихад" Салах үшін "Ливерпульге" 162 млн доллар (150 млн еуро) ұсынуға дайын. Бұл сомадан "Ливерпуль" 108 млн долларды нақты алады, ал қалған 54 млн футболшының нәтижесі үшін сыйақы ретінде беріледі. 

Клуб мысырлық футболшы қатарына қосуды мақсат етіп, 20 қыркүйекке дейін келісім жасағылары келіп отыр. Өйткені, бұл кезде Сауд Арабиясындағы жазғы трансферлік кезең аяқталады. 

Егер бұл трансфер жүзеге асса, "Әл-Иттихад" лигада рекорд орнатады. Өйткені, Неймардың "Әл-Хилальге" ауысқандағы трансфер құны 97 млн доллар болған.  

Бұған дейін "Әл-Иттихад" "Ливерпульге" 100 млн доллардан артық сома ұсынған, алайда клуб Салахты сатқысы келмейтінін мәлімдеген. 31 жастағы футболшының өзі саудиялық клубқа ауысуға қарсы емес және бұл ойы туралы "Ливерпуль" басшлығына да айтқан.