Новак Джокович қайтадан әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Новак Джокович қайтадан әлемнің бірінші ракеткасы атанады
Теннис

US Open

Сербиялық теннисші Новак Джокович АҚШ ашық чемпионаты аяқталғаннан кейін әлемнің бірінші ракеткасы атанады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

АТР рейтингінің көш басына қайта оралу үшін Новак Джоковичке турнирде бір жеңіске қол жеткізу жеткілікті еді. Сербиялық спортшы US Open-дегі алғашқы матчын Франция өкілі Александр Мюллерге қарсы ойнап, 6:0, 6.2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. АҚШ-тағы "Үлкен дулыға" жарысының алдында Новак Джоковичтің рейтингтегі ұпай саны Карлос Алькарастан 20 ұпайға кем еді. Алькарас чемпиондық атағын қорғап жатқандықтан, бұдан көп ұпай жинай алмайды. Ал Новак болса, араға екі жыл салып US Open кортына қайта оралды. Турнир қорытындысында ол міндетті түрде испаниялық теннисшіні басып озады.

Биыл АҚШ ашық чемпионатының жүлде қоры 65 млн доллар. Бәсеке 10 қыркүйекке дейін жалғасады.