Хоккей: Қазақстан кубогы плей-офф жұптары анықталды

Хоккей: Қазақстан кубогы плей-офф жұптары анықталды
Хоккей

Хоккейден 2023 жылғы Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққан командалар анықталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Кубоктың жартылай финалына екі топта үздік шыққан екі команда шығады. Осылайша, "А" тобынан "Ақтөбе" мен "Торпедо", "В" тобында "Хумо" мен "Арлан" плей-оффқа шықты. 

Жартылай финалда "Ақтөбе" мен "Арлан", "Хумо" мен "Торпедо" финал жолдамасын өзара сарапқа салады.

Матчтар 30 тамыз күні Көкшетауда өтеді. Ал Қазақстан Кубогының билығы жеңімпазы 31 тамыз күні белгілі болады.