Роберто Манчини Сауд Арабиясының құрамасын басқарады

Роберто Манчини Сауд Арабиясының құрамасын басқарады
Футбол

Instagram/mrmancini10

58 жастағы итальяндық маман Роберто Манчини Сауд Арабиясының футбол құрамасын басқарады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ол саудиялықтармен үш жылдық келісімшартқа қол қойды, ал жалақысы бір маусымда 20 миллион еуроны құрайды. Италия құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Манчини бұл жаңалықты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Еуропада тарих жасадым, енді оны Сауд Арабиясында жасайтын кез келді. Беделді лауазымға тағайындау менің жұмысымды, итальяндық футболды жылдар бойы мойындағанын және жоғары бағалағанын көрсетеді. Мен әлемді итальяндық мәдениетпен таныстыруды жалғастырамын, - деп жазды Роберто Манчини.

Роберто Манчини 12 тамызда «Скуадра Азурраның» бас жаттықтырушысы қызметінен кетті.

58 жастағы маман өзінің жаттықтырушылық мансабын 22 жыл бұрын итальяндық «Фиорентина» футбол клубын басқарған кезден бастаған. Содан кейін ол «Лацио» мен «Интерде» жұмыс істеді. «Милан» командасымен үш рет А сериясын жеңіп алды.