"Интер Майами" футболшысы Месси туындататын қиындықтар туралы айтты

Футбол

"Интер Майами" қорғаушысы Камал Миллер аргентиналық футболшы Лионель Мессидің кесірінен ойынға зейін салу қиын екендігін айтты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Бапкердің қойған тапсырмасын орындаудың орнына ойымның бәрі Мессиге ауып кетеді. Жаныңда осындай тамаша адам ойнағанда, бар назарыңды матчта сақтап қалу қиын", - деді Миллер деп жазады Goal.

Айта кетейік, Лионель Месси "Интер Майами" сапында 9 матч өткізіп, 11 гол мен үш нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.