Роберто Манчини Сауд Арабиясы құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды

Роберто Манчини Сауд Арабиясы құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды
Футбол

Getty Images

Италиялық маман Роберто Манчини футболдан Сауд Арабиясы құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл туралы Сауд Арабиясы футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Роберто Манчини тамыз айының басында Италия құрамасы бас бапкері қызметінен кеткен. 

Ол 2018 жылдың мамыр айынын бері Италия құрамасын жаттықтырып, 2020 жылы Еуропа чемпионатында жеңіске жеткен. 

Журналист Николо Скираның жазуынша, Роберто Манчини Сауд Арабиясы құрамасымен  2026 жылға дейін келісімшарт жасасып, жылына 20 млн еуро алады.