Елена Рыбакина Мессидің командасы матчын тамашалады
Теннис
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та Мессидің командасы “Интер Майамидің” ойынына барды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Елена Рыбакина әлеуметтік желідегі парақшасында матчта түсірген видеосын жариялады. Бұл ойында “Интер Майами” мен “Нью-Йорк Ред Буллз” командалары ойнаған еді.
Матч нәтижесінде 2:0 есебімен майамилік клуб жеңіске жеткен. Ал Месси болса, MLS-тегі алғашқы ойынында гол соққан болатын.
Еске салайық, Елена Рыбакина мен өзге қазақстандық теннисшілер бүгіннен бастап US Open турниріндегі жарыс жолын бастайды.