Зухра Ирназарова нысана көздеуден әлем чемпионы атанды

Зухра Ирназарова нысана көздеуден әлем чемпионы атанды
Басқа

Нысана көздеуден Бакуде өтіп жатқан 53-әлем чемпионатында ел қоржынына бір алтын және бір күміс медаль түсті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеудің финалында екі қазақ қызы өнер көрсетіп, Зухра Ирназарова мен Александра Садуакасова алтын жүлдені сарапқа салды. Тартысты өткен бәсекеде Зухра Ирназарова 6:3 есебімен басым түсіп, әлем чемпионы атанды. 

Қазір ел қоржынында үш медаль бар. Осыдан бірнеше күн бұрын Мария Дмитриенко мен Даниил Почивалов стенд атудың трап бағдарламасында үздік үштікті түйіндеген еді.