Лео Месси MLS-тегі алғашқы голын соқты

Лео Месси MLS-тегі алғашқы голын соқты
Футбол

“Интер Майами” шабуылшысы Лионель Месси MLS-тегі алғашқы голын соқты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

MLS чемпионатында “Интер Майами” мен “Нью-Йорк Ред Буллз” командалары кездесіп, матчта алаң қонақтары 2:0 есебімен жеңіске жетті. Майамилік клуб сапынан Диего Гомес мен аргентиналық шабуылшы Лионель Месси гол соғып, көзге түсті. Бұл биыл ғана “Интер Майамиге” ауысқан Мессидің MLS-тегі алғашқы ойыны және бірінші голы. Ол матчты қосалқы құрамда бастап, алаңға 60-минутта шықты. Сөйтіп, Мессидің голы “Интер Майамидің” 11 матчтан тұратын жеңілістер сериясын үзуіне көмектесті. 

Келесі турда “Интер Майами” 31 тамыз күні “Нэшвиллмен” кездеседі.