Кевин Де Брейне Зидан, Модрич, Иньестаның арасында үздік жартылай қорғаушыны таңдады

Кевин Де Брейне Зидан, Модрич, Иньестаның арасында үздік жартылай қорғаушыны таңдады
Футбол

championat.com

"Манчестер Сити" жартылай қорғаушысы Кевин Де Брейне аңызға айналған жартылай қорғаушылар арасында басымдықты кімге беретінін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

32 жастағы бельгиялық ойыншы Лука Модрич, Андрес Иньеста және Зинедин Зидан арасында таңдау жасауы керек еді. Футболшы үштіктің арасынан Зиданды көш басына қойса, екінші орынға - Модрич, үшінші орынға Иньеста жайғасты.

Неліктен Зиданы таңдадым? Бұрын футбол таза болатын, мен шоу мен импровизацияны көргенді ұнататынмын, – деді Де Брейне Sky Sports арнасына берген сұхбатында.

2022/2023 маусымында ағылшын премьер-лигасында Кевин Де Брейне 32 матч өткізіп, жеті гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.

Бельгиялық футболшының "Манчестер Ситимен" келісімшарты 2025 жылдың маусымына дейін жасалған.

Transfermarkt интернет-порталы ойыншының құнын 70 миллион еуроға бағалайды.