Роман Старченконың хет-тригі "Барысқа" жеңіс сыйлады
"Барыс" ХК
Астаналық "Барыс" Омбыдағы Блинов Кубогының соңғы матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Маусымалды турнирдегі соңғы ойынын нижнекамскілік "Нефтехимикке" қарсы өткізген отандастарымыз қарсыласын 3:1 есебімен жеңді. Елордалық клубтың үш шайбасын да Роман Старченко соғып, хет-трик авторы атанды.
Осылайша, Андрей Скабелка шәкірттері Омбыдағы турнирдің барлық матчында жеңіске жетіп, чемпион атанды.
"Барыс" ҚХЛ 2023/2024 жылдар маусымын 2 қыркүйек күні өз айдынында уфалық "Салават Юлаевқа" қарсы матчпен бастайды.
Барыс (Астана) - Нефтехимик (Нижнекамск) 3:1 (1:0, 1:0, 1:1)
1:0 - Старченко - 16:47
2:0 - Старченко (Полохов) - 33:43
3:0 - Старченко (Шестаков, Скленичка) - 51:32 Артық құрам
3:1 - Хохлов - 52:45 Кем құрам
Қақпашылар: Шутов - Тихомиров