Бокстан Азиадаға баратын ұлттық құрама белгілі болды
Бокс
Бокстан Ханчжоуда өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарына баратын ұлттық құрама анықталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Мырзағали Айтжанов бастаған ұлттық құрама бапкерлері Азиада төрінде ел намысын қорғайтын боксшылардың тізімін атады, олар: Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Сағындық Тоғамбай (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі).
Айта кетейік, бокстан ұлттық құрама Ташкентте өткен әлем чемпионаты мен Астанада өткен Elorda Cup турнирінің нәтижесінде жасақталды. Ханчжоудағы жазғы Азия ойындары 23 қыркүйек күні басталып, 8 қазанға дейін жалғасады.