Лионель Месси мансабын аяқтау жөнінде мәлімдеме жасады

Лионель Месси мансабын аяқтау жөнінде мәлімдеме жасады
Футбол

Instagram.com/leomessi

Амеркиалық "Интер Майами" мен Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси мансабын аяқату жөніндегі сұраққа жауап берді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Шынын айтқанда, әлі де мансабымды аяқтау туралы ойламаймын. Маған ойнаған, алаңға шыққан, жаттығу жасап, сайысқа тсүкен ұнайды. Қашанға дейін ойнайтынымды білмеймін, бірақ бұл кезеңнің ұзаққа созылғанын қалаймын. Ойланатын, сараптама жасап, шешім шығаратын уақыт бар. Қазір ең бастысы - осы сәттен ләззат алу", - деп жазады Лионель Мессидің сөзін TyC Sports. 

Айта кетейік, Лионель Месси осы жазда "Интер Майами" құрамын толықтырды. Аз ғана уақыттың ішінде ол америкалық клубтың үздік сұрмергендері үштігіне ене алды. Оның "Интер Майамимен" келісімшарты  2025 жылға дейін есептелген.