Кевин де Брейне командаластарына Iphone сыйлады
Футбол
Ағылшындық "Манчестер Сити" жартылай қорғаушысы Кевин де Брейне командаластарына сыйлық жасады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
ESPN жазуынша, бельгиялық футболшы командаластарына Apple Iphone телефонын сыйға тартқан. Ол осылайша былтыр Англия Кубогын, АПЛ мен Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен командасын құттықтағысы келген.
Өткен маусымда Кевин де Брейне 32 матчқа қатысып, 7 гол және 16 нәтижелі пасты өз есебіне жазды. Оның "Манчестер Ситимен" келісімшарты 2025 жылдың маусымында аяқталады. Бүгінде Transfermarkt футболшыны 70 млн еуроға бағалап отыр.