Азиадада ел намысын қорғайтын боксшы арулар анықталды
Бокс
Тура 1 айдан соң Қытайдың Ханчжоу қаласында ХІХ жазғы Азия ойындары басталады. Байрақты бәсекеде бокстан ел намысын қорғайтын аруларымыздың есімі белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Биылғы Азиадада Қазақстан әйелдер құрамасы алты салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Жанкүйерлер 51 келіде Назым Қызайбайға сенім артса, 54 келіде Жайна Шекербекова сынға түседі. Карина Ибрагимова 57 келіде үздік шығуға талпынса, 60 келіде Римма Волосенко шаршы алаңға шығады. 66 келіде Наталья Богданова, ал 75 келіде Валентина Хальзова Қазақстан намысын қорғайды.
Ханчжоудағы ХІХ жазғы Азия ойындары 23 қыркүйекте басталып, 8 қазанда аяқталады. Мұнда 40 спорт түрінен 482 медаль жиынтығы сарапқа салынады.