Қазақстан Кубогы: алғашқы ойын күнінен кейінгі турнирлік кесте жарияланды

Қазақстан Кубогы: алғашқы ойын күнінен кейінгі турнирлік кесте жарияланды
Хоккей

"Барыс" ХК

Хоккейден 2023 жылғы Қазақстан кубогының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

22 тамыз күні тек "А" тобындағы командалардың матчтары өтті. Жарыстың алғашқы ойын күнінен кейінгі турнирлік кестеде көшті астаналық "Номад" бастады. Елордалық клуб негізгі уақытта Өскеменнің "Торпедосын" 2.0 есебімен жеңді. "Алматы" мен атыраулық "Бейбарыс" жалпы 11 шайба соғып, ақырында алматылық клуб овертаймда 6.5 есебімен жеңіске жетті. Ал "Ақтөбе" мен "Құлагер" арасындағы матч жеңімпазы буллиттер сериясында ғана анықталды - 3:2.

Бүгін Көкшетауда "В" тобындағы матчтар да басталады. Ал Қазақстан Кубогы 31 тамызға дейін жалғасын табады.