«Барыс» Блинов Кубогындағы екінші матчын өткізеді

«Барыс» Блинов Кубогындағы екінші матчын өткізеді
Хоккей

"Барыс" ХК

Бүгін «Барыс» Омбыдағы «Блинов Кубогы» маусым алды турниріндегі екінші ойынын өткізеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі

Құрлықтық хоккей лигасы жаңа маусымы алдындағы турнирде астаналық команданың кезекті қарсыласы омбылық «Авангард» болмақ.

Жарыс иелері бүгінге дейін екі кездесу өткізді. Турнирдегі алғашқы ойында Михаил Кравец шәкірттері «Локомотивке» есе жіберді – 1:5. Жалғыз голды Иван Игумнов соқты. Одан соң омбвлық клуб овертаймда «Нефтехимиктен» жеңісті жұлып алды – 5:4. Либор Шулак, Игорь Мартынов (дубль), Кирилл Панюков өз есептеріне бір шайбадан жазды, сондай-ақ кем құрамда бос қақпаға гол соққан Семён Чистяков та нәтижелі ұпай алды.

«Барыс» дүйсенбі күні «Локомотивті» жеңді. Команда жаңа маусым алдындағы алғашқы жеңіске қорғаушылар Эмиль Нургалиев пен Давид Скленичканың дәл соққыларының және 33 соққыны кері қайтарған Эдвард Паскуаленің арқасында қол жеткізді. Сондай-ақ, қазақстандық хоккейшілер қарсыластың 16 соққысына тосқауыл жасағанын атап өту керек. Үш ойын күнінің нәтижесінде қоржынында төрт ұпайы бар «Барыс» Блинов Кубогының турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Ал «Авангард» төртінші сатыда.