Роналдудың командасы азиялық Чемпиондар лигасына жолдама алды

Роналдудың командасы азиялық Чемпиондар лигасына жолдама алды
Футбол

Криштиану Роналду ойнайтын “Әл-Наср” азиялық Чемпиондар лигасына жолдама алды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

“Әл-Наср” лиганың іріктеу кезеңінің финалында дубайлық “Әл-Ахлиді” 4:2 еспбімен жеңді. 

Сауд Арабиясы астанасының командасы сапынан Сұлтан Әл-Ганам мен Марцело Брозович бір голдан өз есептеріне жазса, Андерсон Талиска дубль жасады. Ал Криштиану Роналду нәтижелі пас авторы атанды.

Осылайша, “Әл-Наср” азиялық Чемпиондар лигасының топтвқ кезеңіне жолдама алды. Ал ол 18-20 қыркүйек күндері басталады.