Хоккейден 2023 жылғы Қазақстан кубогы басталды

Хоккейден 2023 жылғы Қазақстан кубогы басталды
Хоккей

Бүгін хоккейден 2023 жылғы Қазақстан кубогы басталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Биылғы Қазақстан Кубогы Астана мен Көкшетау қалаларында өтіп жатыр. "А" тобындағы командалар елордада сынға түссе, "В" тобы командалары ойындары Көкшетауда өтеді. 

Астанадағы матчтар бүгін басталса, Көкшетаудағы жарыс ертең басталады. 

Қазақстан Кубогының бүгінгі матчтар кестесін назарларыңызға ұсынамыз:

12:30. Ақтөбе - Құлагер

16:00. Бейбарыс - Алматы

19:30. Номад - Торпедо

"В"тобында "Сарыарқа", "Ертіс", "Хумо", "Арлан" мен "Горняк" командалары бақ сынайтынын айта кетейік.