Джуд Беллингем Роналдудың жетістігін қайталады

Джуд Беллингем Роналдудың жетістігін қайталады
Футбол

“Реал Мадрид” ФК

Мадридтік “Реал” Ла Лиганың 2-турында “Альмерияны” (3:1) жеңді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

“Реалдың” жартылай қорғаушыаы Джуд Беллингем бұл матчта дубль жасап, бір голдың қақпа торынан табылуына септігін тигізді. Ал өткен аптада ол “Атлетико” қақпасына да екі гол соққан. Осылайша, ол Криштиану Роналдудан кейін Ла Лигадағы алғашқы екі ойынында гол соққан алғашқы ойыншы атанды. 

Португалиялық футболшы бұл жетістікке 2009 жылы қол жеткізген. Ол кезде ол төрт матчта қатарынан гол соққан еді. 

20 жастағы Беллингем “Реалға” биылғы жазда дортмундтық “Боруссиядан” 103 млн еуроға ауысып келді. Оның мадридтік клубпен жасасқан келісімшарты 2029 жылдың маусымына дейін есептелген.