Джокович мансабындағы 95-титулын жеңіп алды
Теннис
Сербиялық теннисші Новак Джокович Цинциннатидегі Masters жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Финалда испаниялық Карлос Алькарасты 5:7, 7:6 (9:7), 7:6 (7:4) есебімен жеңген Новак Джокович мансабындағы 95-титулына қол жеткізіп, Иван Лендлді басып озды.
Енді ол чемпиондық атақ жарысында үшінші орында келеді. Бұл бәсекедн Роджер Федерер 103 титулмен екінші орында, ал Джимми Коннорс бірінші орында тұр - 109.
Сонымен қатар, Цинциннатидегі АТР 1000 жарысында Новак Джокович мансабындағы 39-шы Masters турнирін жеңіп, өз рекордын өзі жаңартты.