«Барыс» Блинов Кубогына қандай құраммен аттанды

«Барыс» Блинов Кубогына қандай құраммен аттанды
Хоккей

20-25 тамыз күндері Омбыдағы «G-Drive Аренада» маусым алдындағы «Блинов Кубогы» турнирі өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Жарыс иесі «Авангардтан» бөлек, турнирде ярославілік «Локомотив», нижнекамскілік «Нефтехимик», уфалық «Салават Юлаев» пен астаналық «Барыс» айналмалы жүйе бойынша ойнайды. Қазақстандық команданың алдағы турнирге қатысатын құрамы анықталды.

Қақпашылар: Эдвард Паскуале, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Тамирлан Гайтамиров, Алекс Грант, Самат Данияр, Кирилл Никитин, Нельсон Ножье, Эмиль Нургалиев, Кирилл Полохов, Давид Скленичка, Егор Шалапов.

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Райли Барбер, Александр Борисевич, Джереми Бракко, Дмитрий Гурков, Дінмұхамед Қайыржан, Джозеф ЛаБейт, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Понтус Оберг, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Роман Старченко, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.