Хоккей: Қазақстан Кубогына қатысу үшін төленетін жарна құны қанша
Хоккей
Pro Hokei Ligasy командаларының Қазақстан Кубогына қатысу үшін төлейтін жарна мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Shaiba.kz сайтының жазуынша, 2023 жылы бір команда Кубокқа қатысу үшін 700 АЕК мөлшерінде жарна төлейді, яғни бұл - 2,4 млн теңге.
Өткен жылы турнирге қатысушы командалар 1,8 млн теңгеден жарна төлеген.
Айта кетейік, Қазақстан Кубогы 22-31 тамыз күндері Көкшетау мен Астанада өтеді. Биыл турнирге 11 команда қатысады.
“А” тобында “Номад”, “Бейбарыс”, “Ақтөбе”, “Құлагер”, “Алматы” мен “Торпедо” клубтары ойнайды. Ал “В” тоьында “Сарыарқа”, “Арлан”, “Хумо”, “Горняк” пен “Ертіс” командалары өнер көрсетеді.
Осылайша, командалардың Кубокқа қатысу үшін төлеген жарна мөлшері 21,7 млн теңге болады.