IIHF ЦСКА-ға халықаралық трансфер жасауға тыйым салды
Хоккей
Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы ЦСКА-ға бір маусым бойы халықаралық трансфер жасауға тыйым салды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
ХШХФ шешіміне Иван Федотовтың “Филадельфия Флайерзбен” келісімі бола тұра, мәскеулік клубтың қақпашымен келісімшарт жасасуы себеп болды.
Шектеу 2024 жылдың 10 тамызына дейін жалғасады. Ал хоккейшіге 1 қыркүйек күні күшіне еніп, 31 желтоқсан күні аяқталатын дисквалификация берілді.