“Салават Юлаевтың” жас хоккейшісі рактан көз жұмды
Хоккей
Ресейлік хоккейші Родион Амиров 22 жасында өмірден озды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
2022 жылыдң ақпан айында Родион Амировтың ми ісігі анықталған еді. Ол сол шақтан бастап Германияда химиотерапиялар қабылдаған. Алайда кеше “Салават Юлаевтың” жас хоккейшісінің аурудан көз жұмғаны туралы қарал хабар жетті.
Айта кетейік, Родион Амиров “Салават Юлаев” сапында 2019 жылы дебют жасаған еді. Ол барлығы 79 матчқа қатысып, 18 (10+8) ұпай олжалады.