Қазақстан құрамасының ойыншысы “Бешикташтың” ең қымбат жазғы трансфері атанды
Футбол
Түрік спорт журналисі Серджан Дикме ЦСКА қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың “Бешикташқа” ауысуы туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
“Командалар құны 4,5 млн еуро болатын келісімге келді. Төлем жасау жоспары талқыланып жатыр. Ойыншы 1-2 күні шінде Түркияға келеді”, - деді журналист “Спорт-Экспресске”.
Бұған дейін БАҚ көздері Зайнутдиновтің “Бешикташпен” маусымына 1,2 млн еуро жалақы алатын 4 жылдық келісімшартқа қол қойғаны туралы жазған. Қазақстандық қорғаушы 2020 жылдан бастап ЦСКА сапында өнер көрсетіп келеді.
Айта кетейік, бұған дейін Жан Онана түркиялық клубпен төрт жылдық келісімшартқа қол қойған. Ал оның трансферлік құны 4 млн еуро болған еді.